Қазақстан бойынша 2025 жылғы 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды.
"Қазгидромет":  Жаңбырдың cоңы қарға ұласуы ықтимал
Фото: iStock
13,295
оқылды

Атмосфералық фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр сақталады, батыс және оңтүстік аймақтарда күндіз найзағай күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сілтеме жасап.

23 қыркүйекте шығыста, 23-24 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың қарға ауысуы ықтимал.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда – тұман болады.
Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп 20-28 жылыға дейін, шығыс өңірлерде 10-15-тен 15-25 жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.