«Лазурный квартал», «Дипломат» және «Мисон» тұрғын үй кешендеріндегі жезөкшелік әрекеті туралы жергілікті тұрғындар хабарлаған.
Астанада интимдік қызметпен айналысатындарға жағдай жасаған 14 адам ұсталды
www.istockphoto.com
1,049
оқылды

Астанадағы тұрғын үй кешендерінде жезөкшелікпен айналысатындарға жағдай жасап берген 14 адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Лазурный квартал», «Дипломат» және «Мисон» тұрғын үй кешендеріндегі жезөкшелік әрекеті туралы жергілікті тұрғындар хабарлаған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елорда тұрғындарынан түскен дабылдар мен жедел ақпаратты тексеру барысында «Лазурный квартал», «Дипломат» және «Мисон» тұрғын үй кешендерінің аумағында қыздарды жыныстық қызметке итермелеп, заңсыз бизнесті ұйымдастырған адамдар тобы анықталған.

Барлығы 14 адам ұсталды, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.