Анықталғандай, қылмыскерлер жалған құжаттарды пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан қаражатты заңсыз иемденуге жәрдемдескен.
«Mercedes, Porsche мен элиталық пәтерлер»: Зейнетақы қорынан жалған құжат арқылы 200 миллиард теңге ұрланды
www.istockphoto.com
731
оқылды

ҚМА стоматологияларға қатысты даулы іс бойынша тәркіленген мүлікті көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Анықталғандай, қылмыскерлер жалған құжаттарды пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан қаражатты заңсыз иемденуге жәрдемдескен. Агенттік барлығы 200 млрд теңгеден астам қаржыны шығарып алған бес қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Күдіктілер салымшылардың ақшасына коммерциялық жылжымайтын мүлік, пәтерлер мен жер учаскелерін сатып алған.

Сонымен қатар тергеу әрекеттері барысында 15 элиталық автокөлік тәркіленді. Олардың ішінде:
Mercedes-Benz G63, BMW XM 50e, BMW X7, Cadillac Escalade, BMW 7 Series, Mercedes-Benz GLS 450, Porsche Taycan, BMW X5, Toyota Land Cruiser 200, Lexus ES 300h және басқалары бар.

Автокөліктерден бөлек, іс фигуранттары брендтік зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін иемденген. Заңсыз қаражатқа алынған мүлікті іздестіру жалғасып жатыр.

«200 миллиард теңгеден астам қаржы жалған клиникалар мен 226 “дроппер” арқылы шығарылды», – деп хабарлады ҚМА.

Еске салайық, Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) зейнетақы қаражатын заңсыз шешіп алудың ауқымды схемасы әшкереленді. Прокуратура органдары мен Қаржылық мониторинг агенттігінің бірлескен жұмысы барысында Атырау облысында бес қылмыстық топ анықталып, олар қаражатты жалған стоматологиялық клиникалар арқылы шығарғаны белгілі болды.