Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда аталып өтеді.
Қарттар күні: Астанадағы зейнеткерлерге мерекеге байланысты қанша ақша берілетіні айтылды
648
оқылды

Қарттар күні қарсаңында зейнеткерлерге қандай көмек көрсетілетіні туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты informburo.kz сайтына  сілтеме жасап.

Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда аталып өтеді. Зейнеткерлерге әлеуметтік көмек біржолғы төлем түрінде – 2,5 АЕК, яғни 9830 теңге көлемінде беріледі. Оны елордадағы шамамен 100 мың тұрғын алады.

Өткен жылы да Қарттар күніне орай Астанада 2,5 АЕК көлемінде төлем жасалған еді.

Ал Алматыда Қарттар күніне байланысты төлемдер қарастырылмаған, бұрынғы жылдардағыдай. Қала билігі мұны зейнеткерлерге бюджет есебінен 13 түрлі қызмет көрсетілетінімен түсіндірді.