Павлодар облысында Toyota Lucida маркалы жеңіл көлік трассада арақашықтықты сақтамай, Sitrak жүк көлігінің артына соғылған.
«5 адам қаза тапты»: Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды
928
оқылды

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, соның салдарынан төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала деректер бойынша, 23 қыркүйек күні «Павлодар-Қызылорда» автожолының Байет ауылынан 5 шақырым жерде Toyota Lucida автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай, Sitrak жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota автокөлігі өртенді.