Билеттер тек алматылық клубтың ресми алаңдарында сатылды.
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч билеттері бірден сатылып кетті
1,162
оқылды

Бүгін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" футбол клубтары арасындағы матчқа билеттер сатылымға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жанкүйерлер бағасы 30 000-нан басталып, 250 000 теңгеге жететін билеттерді бар болғаны 41 минутта жаппай сатып алды. Маңызды матч 30 қыркүйек күні Алматыда сағат 21:45-те басталады.

Негізінен "Орталық" стадионның сыйымдылығы – 23 804 көрермен. Ал әлеуметтік желілерде көпшілік онлайн кезектің 100 мыңнан асып жығылғанын айтып шағымданып жатыр.

Билеттер тек алматылық клубтың ресми алаңдарында сатылды.