Шоумен арнайы видео жариялап, көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
«Концертімнің алдында аяқтан шалу шығар»: Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады
Фото: Gov.kz
1,278
оқылды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде өзі туралы жалған ақпарат тарағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Шоумен арнайы видео жариялап, көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

«Ассалаумағалейкум достар, ардақты ағайын! Әлеуметтік желілерде мен туралы жалған ақпарат тарап жатыр екен, сенбеңіздер! Тұрсынбек массажға барды дей ме? Өзім таңғалып отырмын. Ешқайда барған жоқпын, ұсталған жоқпын. Өтірік, сенбеңіздер. Концертімнің алдында аяқтан шалу шығар, білмеймін. Дәлелдері жоқ. Мен 15 күннен бері Алматыдамын, Қала күні болды, қазір де бір ауқымды іс-шараны жүргізейін деп жатырмын. Ешқандай Манхэттен деген жерді білмеймін. Барлығы жалған, сенбеңіздер, достар», - деді Тұрсынбек Қабатов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.