Қазір күдіктінің жеке басы мен жүрген жері анықталып жатыр.
Атырауда балалар алаңында ойнап жүрген 9 жастағы баланы ер адам аямай ұрып кеткен
1,091
оқылды

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы балалар ойын алаңында ер адамның 9 жастағы балаға еш себепсіз шабуыл жасап, соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға Алмагүл шағынауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам баланы ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен. Әлеуметтік желілерде осы сәт түсірілген бейнежазба жарияланды.

Атырау облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір күдіктінің жеке басы мен жүрген жері анықталып жатыр.

«Бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделенуде. Оқиғаның куәгерлерінен жауап алынды. 9 жасар жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған, оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.