Алматыда коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы нашарлады
Алматыда коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы нашарлады
© Сурет ғаламтордан
168
оқылды
Алматыда коронавирус жұқтырған бір науқастың жағдайы нашарлады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. Бұған дейін барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық екені хабарланған. Алайда, бүгін, 19 наурызда Әбілдаев бір науқастың жағдайы орташа дәрежеде екенін айтты.
"Қазіргі таңда қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 16 науқас бар. Балалар ауруханасында жатыр екі адам және коронавирус диагнозы расталған бір әйел бар. Бір науқастың өкпесінде созылмалы обструктив ауруы бар болғандықтан оның жағдайы орташа дәрежеде, қалғандары қанағаттанарлық", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. Екі қаладағы карантин күшіне енді. Бұл шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды. Елордада 6 қадағалау бекеті, Алматыда 27 қадағалау бекеті жұмыс істейді, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейеді. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 36 адамға жетті. 18 науқас Алматыда, қалған 18-сі Нұр-Сұлтанда.