Қытайда тауда туннель салу жаңалық емес. Тіпті, теңізден өтетін суасты туннель де бар. Гонконг – Чжухай – Макао көпірінің жалпы ұзындығы – 55 шақырым. Оның ішінде 6,7 шақырым теңіз астындағы туннель арқылы өтеді. Туннель 48 метр тереңдікте орналасқан. Суасты туннелін салу үшін мамандар теңіздегі су қысымын, одан келер қауіпті жылға жуық зерттеген.

Фото: wikipedia.org
Суасты туннелінің сапасына 120 жылға кепілдік бар. 2009-2018 жылдары салынған алты жолақты көпірдің құрылысына 22 миллиард доллар қаржы жұмсалған. Осы көпір арқылы Чжухайдан Гонконгқа небәрі 3 жарым сағатта жетуге болады.

Фото: wikipedia.org
Ғасырдағы ең үздік әрі ұзын көпір сәулеті мен құрылысы жағынан әлемдегі жаңа жеті кереметтің бірі саналады. Көпір құрылысына пайдаланылған цемент, темір теңіз суы мен табиғат апаттарына төзімді етіп салынған. Құрылыс аяқталғаннан кейін Гуандун, Гонконг, Макао арасындағы барыс-келістегі кедергілер шешімін тапқан. Теңіздің арғы-бергі бетіне бір ғана құжатпен барып келуге мүмкіндік ашылды. Жүк тасымалы, жолаушылар, оның ішінде туристердің қатары көбейген.

Фото: Aikyn.kz
Бұл көпір сәулет құрылысы жағынан ғана емес, саяси-экономикалық байланысты арттыруға да оң ықпалын тигізді. Былтырғы есеп бойынша екі ортада 27 миллионнан астам мыңнан жолаушы мен 5,55 миллионнан астам көлік қатынаған. Көпір арқылы жергілікті тұрғындар мен туристердің Гонконг – Чжухай – Макао арасында емін-еркін қатынауы арал тұрғындарының тұрмысын жақсартуға үлес қосып отыр. Туризмді дамытуға, тауар айналымын арттыруға септігі тиді. Гонконг мен Макаоға Қытайдан 45 мыңнан астам турист барған.

Фото: Aikyn.kz
Ал Гонконг пен Макао арасында 10 миллионнан астам жолаушы қатынады. Көпірден тәулігіне 115 мыңнан астам жолаушы өткен. Биыл бұл көрсеткіш көбейді. Қытай үкіметі Макао тұрғындарына арнап арнайы қала салған. Бұл жерде тек қана Макао тұрғындары баспана ала алады. Мектеп, балабақша, аурухана тұрмысқа қажетті әлеуметтік нысандардың барлығы тау баурайындағы қалада орналасқан.
Бұған дейін Қытайда қоқысты қайта өңдеп кәдеге жарататыны туралы жазған болатынбыз.