Шетелдік көрермендер су астындағы қылқан жапырақты орманы бар Қайыңды көлін, UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымы тарапынан әлемдегі үздік туристік елдімекеннің бірі атанған Саты ауылын, Қапшағай су қоймасын көре алады.
Димаштың халықаралық жобасы Алматы аумағындағы туристік орындарда түсіріліп жатыр
Фото: Туризм және спорт министрлігі
1,499
оқылды

Димаш пен Hunan Broadcasting System (ҚХР) бірлесе қолға алған халықаралық телевизиялық жоба Қазақстанның көрнекті туристік орындарын әлемдік аудиторияға ұсынады. Алматы мен Алматы облысы «Voice Beyond Horizon» түсірілімінің келесі локацияларына айналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Түсірілім мегаполис пен Алматы облысының танымал туристік орындарын қамтыды. Шетелдік көрермендер су астындағы қылқан жапырақты орманы бар Қайыңды көлін, UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымы тарапынан әлемдегі үздік туристік елдімекеннің бірі атанған Саты ауылын, Қапшағай су қоймасын көре алады. Алматының өзінде түсірілім Арбатта, Көк базарда және метрода өтті. 

Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген орындаушылар қатысады. Әртістердің өнерін халықаралық қазылар алқасы бағалайды. 

«Voice Beyond Horizon» музыкалық жобасы әр түрлі елдердің әртістерін біріктіріп, Қазақстанның табиғи ландшафтары мен туристік әлеуетін көрсетеді. Түсірілім Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, Алматы қаласында өтті. Халықаралық жобаның ақтық кезеңі Астанада өтеді. 

Жобаға Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы және өңірлік әкімдіктер қолдау көрсетіп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.