Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әске­ри-тарихи музейінде қазақ халқының әскери тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі – Шорға шай­қа­сына арналған «Шорға шайқасы: аңыз бен ақиқат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Ұлт тарихындағы Шорға шайқасы
2,988
оқылды

Конференцияның мақсаты – Шорға шайқасының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қазақ халқының жеңісіне қосқан үлесін ғылыми тұрғыдан саралау, отандық қолбасшылардың тари­хи мұрасын зерттеу, әскери исто­риографияны дамыту және жас­тарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу.

Іс-шараға Парламент Мәжі­лісінің депутаттары Ерлан Саи­ров, Ермұрат Бапи, Парламент Се­натының депутаты Қайрат Тас­текеев, өлкетанушы, педагог-зерттеуші Қайрат Айтқожин, мем­лекет және қоғам қайраткері Төлеубай Рахымбеков, тарих ғы­лымдарының докторы Еркін Әбіл, сондай-ақ танымал тарих­шылар, ғалымдар, педагогтер, дін өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиында сөз алған Парламент Мәжі­лісінің депутаты Ерлан Саи­ров ұлттық тарихты сақтау мен жаң­ғыр­тудың маңызды­лы­ғына тоқталды:

– Мемлекет басшысы тарихи сананы жаңғыртудың қажет­ті­лігін бірнеше рет атап өтті. Шор­ға шайқасы – бұл ерліктің, қай­сарлықтың және Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Мұндай оқиғалар ұлттық рухты көтеріп, патриотизмді қалып­тастырады әрі азаматтық бірегей­лікті нығайтуға негіз болады, – деді депутат Саиров.

Конференция аясында архи­тектор Болатбек Мұхамадиев әзір­леген Шорға шайқасының 80 жыл­дығына арналған ескерт­кіш­тің жобасы таныстырылды.