Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған сарбаздардың саны 3-тен 7-ге өскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
№99116 әскери бөлімінен бұған дейін хабарланғандай, үш сарбаз емес, бірден жеті әскери қызметкердің “өзіне қол салу белгілері” бар деген күдікпен психиатриялық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Барлығының білегінен кесілген іздер анықталған.
Сарбаздардың үшеуі дәрігерлер бақылауында қалса, төртеуі психикалық ауытқуға байланысты анықтамалар беріліп, ата-аналарымен бірге үйіне қайтарылған.