Енді қыстыгүні қалай күнелтерін білмей дал. Қайтадан пеш салып, көмір жағудан басқа амал жоқ сияқты.
Ақтөбе облысында тұрғындар пешін бұзып тастағанымен, көгілдір отынның келетін түрі жоқ
видеодан скриншот жасалды
908
оқылды

Ақтөбеде Мәртөк ауданына қарасты Аққайың ауылының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізе алмай отыр. Жергілікті билік ауылға газ тарту мәселесі биыл шешіледі деп уәде берген. Алайда әлі нәтиже жоқ. Тұрғындар болса пешін бұзып тастаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты astanatv.kz арнасына  сілтеме жасап.

Ауыл халқы биыл газ келеді деген үмітпен пешін бұзып тастаған. Енді қыстыгүні қалай күнелтерін білмей дал. Қайтадан пеш салып, көмір жағудан басқа амал жоқ сияқты. Отынның бағасы да жыл сайын өсуде. Қазір бір тоннасы – 26 мың теңге. Жеткізу де ақылы. 

Гүлсім Сайланова, ауыл тұрғыны:

81-жылдан бері осында тұрамыз. Содан бері көмір жағып, күлді көмеш болып отырмыз. 100 мың зейнетақы аламын, көмірге кетеді. Жылына 100 мыңға көмір аламын.

Аққайың ауылына іргелес жатқан Родниковка, Қаратоғай, Бөрте мен Шевченко ауылдарына көгілдір отын  кіргізілген. Ал қатар тұрған бұл елді мекеннің назардан тыс қалғанына көпшілік наразы. 

Мешітхан Гулликем, ауыл тұрғыны:

Біздің әкімдіктен сұрайтынымыз жол, газ, сосын байланыс. Былай қарай шамалы шықсаңыз байлансы та жоқ. Сосын жолды сіздер келеді дегесін 2 күн болды ма? Қырып қойды. Оның алдында қытырлақ-шоқырлақ болды.

Жоспар бойынша құрылыс биыл 30 қыркүйекте аяқталуы тиіс.  Мердігер компания өкілі қаржы тапшылығы жұмысты тежеп отырғанын айтады. Қажетті қаражаттың тек 10 пайызы бөлініпті.

Нұрқанат Ідірісов, «Қазпромстройгрупп» ЖШС өкілі:

Бірақ біз өзіміздің күшімізбен жұмысты тоқтатып жатқан жоқпыз. Ауылдың ішін, көріп тұрсыздар – үш көше, соның екі көшесі қалды. Қазан айына дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын бәрін бітіріп қоямыз. Бірақ газ құбырын қосып, жағу біздің құзырымызда емес.

Аққайың ауылдық округі облыс орталығынан 110 шақырым жерде орналасқан. 130 үй бар. 500-ге жуық адам тұрады. 

Жалғас Есбусынов, Қарашай селолық округінің әкісіІ:

Бұл жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда бюджеттен 10 пайыз бөлінді. Қазір қалған жұмысты мердігер өз қаражатына жасап жатыр.

10 жылға ұласқан уәденің биыл да орындалатын я орындалмайтыны белгісіз.