Реалға қарсы ойнауы мүмкін.
18 жастағы қазақстандық шабуылшы испандық «Райо Вальекано» клубымен келісімшартқа қол қойды
3,116
оқылды

18 жастағы қазақстандық шабуылшы Рауль Аллахвердиев испандық «Райо Вальекано» клубымен келісімшартқа қол қойды. Ол әзірге Испанияның төртінші лигасында ойнайтын дубль командасына қосылды. Алайда Ла Лига клубтарының дубль ойыншылары маусым барысында негізгі құрамға шақырылуы мүмкін.

Рауль кәсіби футболдағы дебютін 15 жасында «Жеңіс» сапында жасады. Кейін «Оқжетпеспен» бірінші лига чемпионы атанды. Transfermarkt бағалауынша, 2023 жылы ол өз жасындағы әлемдегі ең қымбат 45 ойыншының қатарына кірген.

Аллахвердиев Қазақстан жастар құрамасында ойнаған, Әзербайжаннан түскен ұсынысты қабылдамай, Қазақстан атынан өнер көрсетуді таңдады.