Белгілі спортшы Instagram парақшасында UFC-де өнер көрсететін қазақ файтері Шавкат Рахмоновпен түскен суретін жариялады.
Желіде Шавкат Рахмоновтың теннисші қызбен түскен суреті тарады
www.championat.com
1,116
оқылды

Қазақстандық белгілі теннисшісі Зарина Диас әлеуметтік желідегі парағына Шавкат Рахмоновпен түскен суретін салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Чемпион", – деп жазды Зарина Диас суретке.

Зарина Диас – WTA турнирінің жекелей сындағы жеңімпазы, сондай-ақ 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Қазіргі таңда ол WTA рейтингінде 232-орында тұр. Ал өз мансабында ең жоғары 31-орынға дейін көтерілген.

Шавкат Рахмонов UFC-дің рейтингінде жартылай орта салмақта үшінші орында тұр және P4P рейтингінің үздік 20 файтердің қатарына кіреді. Оның соңғы жекпе-жегі өткен жылдың желтоқсанында өтіп, онда ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді.