Ақмола облысындағы «Астана-Петропавл» тасжолындағы жол апатынан 16 жастағы жасөспірім мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған тасжолда Hyundai Santa Fe және КамАЗ-55111 көліктері соқтығысқан.
– Жол апатынан Hyundai Santa Fe көлігіндегі 16 жастағы жолаушы көз жұмды. 65 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады ведомстводан.