Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағы арнаулы лифт кілтін пайдаланып, есікті ашқан.
Оралда бес ересек адам мен жаңа туған сәби лифтте тұрып қалды
667
оқылды

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Орал қаласында болған жағдай туралы баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Түнде Орал қаласында «112» қызметіне бір қыз хабарласып, Ақан сері көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өзі бірнеше адаммен бірге лифт ішінде қалып қойғанын айтты", – делінген хабарламада.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағы арнаулы лифт кілтін пайдаланып, есікті ашқан. 6 мен 7-қабаттың арасында тұрып қалған лифттен бес ересек адам және 2025 жылы туған сәби шығарылды.