Кадрларда журналист Ардақ Назаровтан «әлем чемпионы болсам, рингте "Адай" күйін орындаймын» деген арманын еске салып, қолына домбыра ұсынады.
«Анаңды құттықтап жүре берші»: депутат Ардақ Назаровтың бұрынғы видеосы қызу талқыға түсті
1,097
оқылды

Әлеуметтік желіде қазіргі депутат, бұрынғы ережесіз жекпе-жек спортшысы Ардақ Назаровтың біраз жыл бұрын сұхбат берген видеосы қызу талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кадрларда журналист Ардақ Назаровтан «әлем чемпионы болсам, рингте "Адай" күйін орындаймын» деген арманын еске салып, қолына домбыра ұсынады.

Күй күмбірлетеді деп күткен жұрттың таңданысына, Назаров домбыраны тыңқылдатып отырып, "Адайды" мүлде басқа сарынға салып, әндетіп жіберген:

"Ассалаумағалейкум-ай, аманбысың-оу, Кененім!

Көріскелі кеп едім, қайтыс бопты қайтесің

Базар-Назар-оуу, бөбегің,

Алатауды жаңғыртып, зарланып салған-оуу, әуенің

Ата қоқи, балдареййй, ене қоқи, балдариии

Бұл сәтті көрген желі қолданушылары депутаттың орындауын күлкіге айналдырып, қызу талқыға салуда.

"Адай қайда кетті?", "Анаңды құттықтап жүре берші", "Мына кісі күллі қазақты жегізіп жүрген бе?", "Балаларды шошытты ғой", "Құдай-ау мынаның ертегісі өте көп екен ғой", – деп жазды.