Қостанай облысында прокурор қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Бұл жайлы Бас прокуратура ақпарат таратты
Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп жазылған ресми хабарламада