Құқық қорғаушылар ұсақ бұзақылық пен полиция талабына бағынбау деректері бойынша хаттама толтырды.
Танымал әнші Бейбіт Қорған ішімдік ішіп алып, ұшақта шу шығарды
1,272
оқылды

Әнші Бейбіт Қорған әуе сапарында әдептен озды. Алматыдан Атырауға ұшқан кезде ол мас күйінде былапыт сөздер айтып, әуе компаниясының талаптарына бағынудан бас тартқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Kozachkov Offside телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Оқиғадан кейін музыкантты полиция қызметкерлеріне тапсырды. Құқық қорғаушылар ұсақ бұзақылық пен полиция талабына бағынбау деректері бойынша хаттама толтырды.

Бүгін Атырауда сот өтті. Әнші екі құқықбұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, 196 мың теңге айыппұл арқалады.

Бейбіт Қорғанның бұл қылығы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.