Ертең Алматыда өтетін тарихи матчты асыға күтіп жүрген жанкүйердің қарасы қалың. Сол себепті қазір ойынның нақты қай телеарнадан көрсетілетіні айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алматының Орталық стадионында өтетін қазақстандық "Қайрат" пен испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубтарының тарихи ойыны 30 қыркүйекте өтеді. Матч сағат 21:45-те басталады.
Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.