Коронавирусты жұқтырған барлық жеті жаңа науқастар бұрын анықталған науқастармен байланыста болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип мәлімдеді.
"Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы жеті жаңа жағдайы тіркелді. Олар 25-52 жас арасындағы Қазақстан азаматтары. Олардың барлығы бұрын расталған жағдайлармен жақын қарым-қатынаста болған. Стационарда карантинде жатыр. Барлығының денсаулық жағдайы қанағаттанарлықтай", - деп түсіндірді Ахметшарип, Facebook-тегі Денсаулық сақтау министрлігі бетінде онлайн сөйлеген сөзінде.
Қазіргі уақытта Алматы бойынша-19 науқас, Нұр-Сұлтанда - 25 науқас бар. Елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 44 жағдайы тіркелген.
Бүгін таңертең Алматыда коронавирус жұқтырған бір адамды анықтады.
Тағы екі қазақстандық коронавирустан шет елдерде: біреуі Германияда, екіншісі Венгрияда емделіп жатыр.