Өз үйінде жансыз денесі табылған әйел мен баланың өліміне кінәлі деген күдікке бірден отағасы ілінген.
Қостанайда 51 жастағы ер адам әйелі мен баласын өлтіріп тастаған
5,447
оқылды

Қостанайда 51 жастағы күдікті баласы мен әйелін өлтіріп, қылмыс орнынан қашып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Өз үйінде жансыз денесі табылған әйел мен баланың өліміне кінәлі деген күдікке бірден отағасы ілінген. Өйткені қылмыс болған жерге қызы келіп қалып, көршілердің үйіне жан сауғалап қашқан көрінеді. Мән-жайды білген тұрғындар көмек шақырып, қызды үйлерінде ұстап отырған.

Полицейлер бірден Аманқарағай мен Әулиекөл ауданына апаратын жолды жауып, жедел іздестіру шарасын жүргізді. Күдікті бір тәуліктен кейін қолға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындады,  дейді полицейлер. Бірақ тергеу құпиясына сай, мұндай ауыр қылмысқа не үшін барғаны айтылмай отыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары барлық мән-жайды анықтап жатыр. Полиция қылмыс жазасыз қалмайтынын атап өтеді, заңға сәйкес қатаң жазаланады,  деді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ерлан Сералин.