Өтінімдер 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады.
«ҮРКЕР» – 2025» ұлттық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
688
оқылды

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2025 ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінімдер 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады.

Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:

Жылдың үздік сұхбаты⏺

Жылдың үздік репортажы⏺

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал⏺

Жылдың үздік журналистік зерттеуі⏺

Жылдың үздік аналитикалық материалы⏺

Радиостанциядағы үздік жоба⏺

Жылдың үздік фотосуреті⏺

Жылдың үздік жаңалықтар порталы⏺

Жылдың үздік өңірлік БАҚ⏺

Жылдың үздік подкасты⏺

Жылдың үздік YouTube арнасы

Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Конкурс қорытындысы бойынша, әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР – 2025» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы – баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі.