Келіссөздер барысында тараптар корпорацияның Қазақстанда энергетика және су шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Гидростанция, ЖЭК, тазарту нысандары: Қазақстан қытайлық компаниямен жаңа жобаларды пысықтап жатыр
376
оқылды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Султанбек «POWERCHINA» корпорациясының вице-президенті Чэнь Гуаньфу бастаған делегациямен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Келіссөздер барысында тараптар корпорацияның Қазақстанда энергетика және су шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Олардың қатарында гидроаккумуляциялық электр станцияларын, жаңартылатын энергия нысандарын және тазарту құрылыстарын салу бар. Сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдану перспективаларына, электр энергетикалық жабдықтарды өндіруді жергіліктендіру және инженер кадрларды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.