Видео кадрларынан қарт кісінің ойынды тамашалауға келген көрермендерден "Қайрат" деп шуылдауды сұрап тұрғанын байқауға болады.
«Неге келдіңдер?»: қария стадиондағы тыныштыққа қатты ренжіді
1,322
оқылды

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчына жанкүйерлік етуге барған қария трибунадағы тыныштыққа ренжіді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Видео кадрларынан қарияның ойынды тамашалауға келген көрермендерден "Қайрат" деп шулап, айғайлауын сұрап тұрғанын байқауға болады. 

"Не деген жалқаусыңдар? Неменеге келдіңдер? Қайрат! Қайрат!", - деді ол.

Бұдан соң әлеуметтік желі қолданушылары жанкүйерлердің бей-жайлығын жарыса жазды. 

"Нағыз жанкүйерлер кіре алмады негізі", "Жанкүйер деген жоқ қой Алматы да", "Байларға сатып билетті, стадионды күйретті", "Футбол қақпайтын, ғаламтор желісінен ғана көріп қалган адамдар, Реал Мадрид келіп еді өтірік жанкүйер болып калғандары өзекті өртейді", деп жазды желі қолдануышалыр.