Халықаралық үстел теннисі федерация­сының (ITTF) және Бүкіләлемдік үстел теннисі ұйымының (WTT) Төрешілер комитеті халықаралық санаттағы төреші Гүлназ Жалалдинді 2025 жылғы WTT Youth Contender Cairo турнирінің төрешілер құрамына қосты.
Мысырдағы турнирде төрелік етпек
3,116
оқылды

Жарыс биылғы жылдың 29 қазанынан 1 қарашасына дейін Мысырда өтеді.

Гүлназ 2024 жылы Астанадағы Азия чемпионатында, WTT Youth Contender Almaty 2023, 2024, 2025, WTT Contender Almaty 2023, 2024, 2025 және Central Asian Regional Qualification Tournament for 2026 World Team Table Tennis Championships додаларында көрсеткен тәжірибесі мен жетістіктеріне қарай іріктеліп өткен.