Блогер С. Мовлаеваның айтуынша, ойыннан кейін қазақ жігіттері адамның көптігін пайдаланып, қыздың ұятты жеріне қол жүгірткен.
«Маған да, құрбыма да қол жүгіртті»: белгілі блогер Сабина Мовлаева қазақ жігіттеріне ренжіді
2,114
оқылды

Белгілі блогер Сабина Мовлаева алматылық "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчында болған жағымсыз жайт туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Блогер С. Мовлаеваның айтуынша, ойыннан кейін қазақ жігіттері адамның көптігін пайдаланып, қыздың ұятты жеріне қол жүгірткен.  

"Ұят та болса айтайын сіздерге. Футболда барлық нәрсе ұнады. Тек бір нәрсе ұнамай қалды. Мен матчтарға ылғи ініммен баратынмын. Осы жолы ол босамай қалып, құрбыммен баруға тура келді. Содан кейін бір қолдар пайда болды. Шынын айтатын болсам, біреулер жамбасымнан ұстап кетіп жатты. Мен барлығы сияқты киініп бардым, ашық-шашық, тырысып тұрған киімде болған жоқпын. Артыма қарасам қазақ азаматтары. Құрбыма айтсам, оған да солай істепті. Біз қазақтар қорғай ма деп шетелдіктерден қорқып жүрсек, олардың ісі анау. Сонда бізді кім қорғайды? Мен максималды тез шығып кетуге тырыстым. Итеріліп, паника ұстап кеттім... Өз жерімде неге олай?", деді ол.