Эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдары "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матч билеттерін қымбат бағамен сатқан болуы мүмкін деген ақпарат тарап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл ақпаратқа байланысты пікір білдірген Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов, егер ресми арыз түскен жағдайда, тексеру жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.
"Бұл мәліметті алғаш рет сіздерден естіп отырмын. Егер қандай да бір адам ресми түрде шағым түсірсе, заң аясында тексеру жүргіземіз", – деді С. Әділов Мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін әлеуметтік желіде екі әншінің ұлдары матч билеттерін 350-600 мың теңге аралығында сатқаны туралы жазбалар тараған.