ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұржан Келбұғанов «Достық – Мойынты» бағытындағы екінші теміржол желісінің құрылысы бойынша өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Нұржан Келбұғанов: Достық – Мойынты теміржол желісі өңірдегі жұмыс орындары мен нысандардың ашылуына әкеледі
345
оқылды

Оның айтуынша, Достық – Мойынты» бағытындағы екінші теміржол желісі Қазақстанға инвестициялар тартып қана қоймай, елдің Шығыс пен Батысты жалғайтын негізгі хаб ретіндегі мәртебесі бекіген.

 – Достық – Мойынты бағытындағы екінші теміржол желісінің құрылысы Қазақстанның Қытай – Еуропа бағытындағы транзиттік әлеуетін арттырып, біржолақты учаскелердегі тар жерді жояды және жүк ағынын жеделдетеді. Бұл бизнестің өнімдерін шетелге жылдамырақ әрі арзанырақ жөнелтуіне мүмкіндік береді, өңірлерде жаңа жұмыс орындары мен нысандардың ашылуына жол ашады. Сонымен қатар жоба Қазақстанның халықаралық көлік дәліздеріндегі рөлін күшейтіп, инвестициялар тартып, елдің Шығыс пен Батысты жалғайтын негізгі хаб ретіндегі мәртебесін бекітеді, – деді ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұржан Амангелдіұлы.