Бұл келісімге 2024 жылдың сәуір айында екі ел президенттері қол қойған.
Қазақстандықтар енді Арменияға тек жеке куәлікпен бара алады
Фото: iStock
268
оқылды

Қазақстан азаматтарына Арменияға тек жеке куәлікпен сапарлауға болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.

Бұл келісімге екі ел президенттері 2024 жылдың сәуір айында қол қойған болатын.

Келісімнің негізгі шарттары:

Енді қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен, ал армян азаматтары Қазақстанға сәйкестендіру картасымен келе алады;

Әр елдің азаматтары бір-бірінің аумағында 90 күнге дейін еркін жүріп-тұра алады;

Келген соң алғашқы 30 күнде тіркелу міндетті емес, яғни бір ай бойы тіркеусіз жүруге рұқсат берілген.

Қыркүйек айында мәжіліс депутаттары осы келісімді ратификациялаған болатын. Сондай-ақ екі елде жүру мерзімі ұзартылатыны  туралы да айтылған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.