Оның айтуынша, Достық-Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдарды салу және пайдалануға беру Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесінің құрылымы мен әлеуетін түбегейлі өзгертетін стратегиялық ауқымдағы оқиға.
– Ұзындығы 836 шақырым бұл учаске "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберінде трансеуразиялық көлік дәлізінің негізгі учаскесін қалыптастыра отырып және халықаралық тасымалдардың Шығыс бағытының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, Қазақстан мен Қытаймен байланыстырады.
Жоба рекордтық мерзімде (2022-2025 жж.), Ұлттық қордан 543 млрд теңге көлемінде қаржыландыру тартыла отырып іске асырылды, бұл мемлекет үшін осы бағыттың басым маңыздылығын көрсетеді. Мердігер Integra Construction KZ ЖШС отандық кәсіпорны болды, бұл жұмыстар мен жұмыспен қамтудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді – 2 мыңнан астам адам және 1 100-ден астам техника.
Жобаны іске асыру нәтижесінде:
Бағыттың өткізу қабілеті 5 есеге – тәулігіне 12-ден 60 жұп пойызға дейін ұлғайтылды;
Контейнерлік пойыздардың жылдамдығы тәулігіне 834-тен 1500 шақырымға дейін артады, бұл жүктерді жеткізу мерзімін айтарлықтай төмендетеді;
86 көпір және 261 су өткізу құрылысы салынды және жаңғыртылды, 765 шақырым рельс-шпалдық тор төселді;
Бұл тәуелсіздік жылдарында салынған ең ірі теміржол магистралі, бұл елдің инфрақұрылымдық секторының технологиялық және басқарушылық жетілуін көрсетеді.
Қазақстанның бизнес және логистикалық операторлары үшін жоба:
Логистикалық шығындарды айтарлықтай азайту;
Әсіресе, ҚХР мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттау бағыттары бойынша тасымалдардың сенімділігі мен болжамдылығын арттыру;
Транзит көлемінің, соның ішінде контейнерлік ағындардың ұлғаюы, бұл әсіресе геоэкономикалық шиеленістің артуы және жаһандық логистикалық тізбектердің әртараптандырылуы аясында маңызды.
"Достық-Мойынты" жобасын іске асыру логистика, сауда, қайта өңдеу және ілеспе сервистерді ұсыну салаларында ШОБ үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
Достық-Мойынты учаскесінде екінші желінің енгізілуімен Қазақстан Еуразияның негізгі транзиттік хабы, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі Қытайдың маңызды серіктесі ретіндегі мәртебесін нығайтады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың New Silk Way форумы аясындағы мәлімдемелері бұл жобаның Қазақстанды жаһандық жеткізу тізбегіне интеграциялау және елдің транзиттік әлеуетін іске асыру құралы ретіндегі маңыздылығын растайды.
Жобаның ауқымы мен маңыздылығын ескере отырып, "Атамекен" ҚР ҰКП қажет деп санайды:
Пайдаланудың максималды тиімділігін қамтамасыз ету үшін магистральдағы процестерді цифрландыру және автоматтандыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру;
Экспортты ынталандыру мақсатында отандық жүк жөнелтушілер үшін тарифтік жүктемені төмендету мүмкіндігін қарастыру;
Инфрақұрылымға қол жеткізу және жаңа дәліз бойындағы қойма және мультимодальды терминалдарды дамыту бөлігінде отандық логистикалық операторларды қолдау шараларын күшейту;
Қазақстандық компаниялардың қатысу үлесі жоғары инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыру, бұл елде қосылған құнды құруға және саладағы құзыреттердің өсуіне ықпал ететін болады.
Қорыта келе, Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ашылуы – бұл жай ғана көлік жобасы емес, Қазақстанның халықаралық логистикадағы позициясын нығайтатын, бизнесті дамытуды ынталандыратын және индустрияландыру мен экономикалық интеграция жөніндегі міндеттерді іске асыруға жәрдемдесетін инфрақұрылымдық серпіліс. "Атамекен" ҚР ҰКП осындай жобаларды іске асыруды қолдайды және логистика, транзит және экспорт тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекетпен және бизнеспен диалог шеңберінде жұмысты жалғастыруға дайын, – дейді Қуаныш Ермұханов.
Бұған дейін бұл теміржол желісі туралы жазғанбыз.