Журналист Оралхан Дәуіттің мәліметінше, жас қақпашы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Ата-анасы ажырасып кеткен сияқты.
«Шерхан деп бекер қоймаған»: «Қайрат» футбол клубының қақпашысы жайлы тың дерек айтылды
617
оқылды

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның туған жері мен әкесі жайлы деректер айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Журналист Оралхан Дәуіттің мәліметінше, жас қақпашы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Ата-анасы ажырасып кеткен сияқты.

Шерханның әкесі – Эльдар. Ол жас кезінде боксқа ден қойып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Кейін журналистика саласында еңбек еткен. Қазіргі уақытта Астанада тұрады.

Футболшыға "Шерхан" есімінің берілуі де кездейсоқ емес. Өйткені Жуалы – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Шерхан Мұртазаның туған жері. Осыған байланысты ел арасында Қалмұрза мен Мұртаза әулетінің арасын туыстық та, жерлестік те байланыс жақындатады деген пікір айтылады.

"Жуалы жерінде дүниеге келген ұланға Шерхан деген есімнің де бекер қойылмағаны анық ғой. Жуалы – Шерағаңның туған жері. Лайым, Алла Тағала жас Шерханға бақ-береке берсін. Бабы да, бағы да келіскен спортшы болсын. Қазақтың Туын көкте желбірете берсін", – деп жазды Оралхан Дәуіт.