Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Германия президентін құттықтады
5,991
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады.

Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.