Шерханның қайсар мінезі мен табандылығы да анасының болмысынан сіңсе керек.
«Қайраттың» жұлдызына айналған Шерхан Қалмұрза мен Дастан Сәтпаевтың анасы жайлы тың дерек тарады
1,012
оқылды

Әлеуметтік желілерде алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен қақпашы Шерхан Қалмұрзаның анасы жайлы тың деректер айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Дастанның анасы – Мадина Сәтпаева. Ол көпшілік алдына жиі шыға бермегенімен, белсенді өмір салтын ұстанады. Спортпен шұғылданады, йогаға қызығады әрі таңмен ерте тұрып, тәртіпті қатаң сақтайды. Дастанның футболға деген алғашқы қызығушылығын байқаған атасы болса, кәсіби деңгейге жетуіне ең үлкен қолдау көрсеткен – анасы.

Ал қақпашы Шерхан Қалмұрзаның анасы – Сәуле Рабаева. Ол медиа саласында ұзақ жыл еңбек етіп, «Түнгі студия», «Балапан» секілді жобалардың продюсері ретінде танылған. Дегенмен С. Рабаеваның басты жетістігі – ұлының тәрбиесі. Шерханның қайсар мінезі мен табандылығы да анасының болмысынан сіңсе керек.