Естеріңізге сала кетсек, Дариға Бадықова продюсерлік еткен “Ыстық ұя” фильмі бауырлардың араздығы және қара шаңыраққа талас туралы.
«Әйелінің сөзіне еріп кететіндер көп»: Мереке Қалбаева көзіне жас алды
1,095
оқылды

Белгілі әзілкеш Мереке Қалбаева “Ыстық ұя” фильмін көріп жылап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

”Қатынның сөзіне еріп кететін еркектер өте көп. Дәл осы жағдайды кинода емес, өмірде көргенмін. “Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер” деген рас. Маған ең ұнамағаны үлкен ағасы (фильмдегі кейіпкер туралы). Сондай адамдар өте көп. Ата-ананың қадірін осы тірі кезде білген дұрыс деп ойлаймын”, — деді әзілкеш.

Естеріңізге сала кетсек, Дариға Бадықова продюсерлік еткен “Ыстық ұя” фильмі бауырлардың араздығы және қара шаңыраққа талас туралы.