Қызды еріксіз тұрмысқа берген ерлі-зайыпты сотқа куәгер ретінде қатысып жатыр.
«Діни ағымдағылар»: Қарағандыда 15 жастағы оқушыны 40 жастағы еркекке зорлап тұрмысқа берген
658
оқылды

Қарағандыда 15 жастағы мектеп оқушысын 38 жастағы ер адамға әйелдікке беріп жібергендерге қатысты сот отырысы басталды. Қыздың әкесі өзінің бұрынғы әйелі мен оның күйеуін жазалауды талап етіп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты  Todayinfo.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қызды еріксіз тұрмысқа берген ерлі-зайыпты сотқа куәгер ретінде қатысып жатыр.

“Қыздың анасы мен оның күйеуі –  күдікті. Олар қызды ересек ер адамға тұрмысқа беруді көздейтін діни ағымның өкілдері. Мұндай жағдай басқа балалардың басынан өтпеуі үшін білім бөлімі әйелді ата-ана құқығынан айыруды талап еткен. Алайда сот бұл талапты қанағаттандырмады”, – дейді қыздың әкесі.

Ол тергеуде олқылықтар бар деп санайды. Сондықтан ол Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне шағымданған.

“Олар іс бойынша куәгер ретінде ғана өтіп жатыр, бұл – дұрыс емес. Өгей әкесі күдіктінің жақын достарының бірі, оларды 10 жылдан астам уақыттан бері білемін. Ол қызды үш рет зорлаған. Олар қыздың өмірін бүлдірді, бәрін жоқ қылды, ал өздері ештеңе болмағандай куәгер болып жүр. Мен олардың да жауапқа тартылуын талап етемін, – дейді ер адам.