Алғашқы сот отырысында жәбірленуші моральдық шығын ретінде 500 мың теңге және адвокат қызметіне 300 мың теңге өндіріп беруді талап етті.
«Мені ақтаңыз»: көңілдесін ұрған әкімге айыппұл салмақ
518
оқылды

Мұғалжар аудандық сотында Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Оған жақын қарым-қатынаста болған әйелді соққыға жықты деген айып тағылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алғашқы сот отырысында жәбірленуші моральдық шығын ретінде 500 мың теңге және адвокат қызметіне 300 мың теңге өндіріп беруді талап етті.

Өз кезегінде Қазбек Аққайыр айыпты жоққа шығарды:

«Бұл әйелмен қарым-қатынаста болғаныма өкінемін. Қазірдің өзінде отбасымның алдында салдарын тартып отырмын. Мені ақтауды сұраймын», – деді ол сотта.

Ал прокурор шенеунікті ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы («Соққыға жығу») бойынша кінәлі деп тануды сұрады. Егер айып дәлелденсе, әкімге 80 айлық есептік көрсеткіш (314 560 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.