Еске сала кетейік, Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне үміткер болған Алтай Даумов бұған дейін Шерхан Қалмұрзаны «ерте мақтаудың қажеті жоқ» деп мәлімдеген еді.
«Қызғаныш – бос адамдардың ісі»: қақпашы Шерхан Қалмұрзаның сұлу анасы ұлын қорғады
8,343
оқылды

«Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойындарынан кейін көпшіліктің назарын өзіне аударды. Жас ойыншыны қорғау үшін анасы Сәуле Рабаева ашық мәлімдеме жасап, ұлына сын айтқан спорт функционері Алтай Даумовтың пікіріне қарсы шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне үміткер болған Алтай Даумов бұған дейін Шерхан Қалмұрзаны «ерте мақтаудың қажеті жоқ» деп мәлімдеген еді.

«Ол әлі ештеңеге қол жеткізген жоқ, ешқандай ерекше ойын көрсеткен жоқ. Тек өз міндетін орындады. Жай ғана негізгі қақпашылар жарақат алған соң алаңға шықты. Сондықтан 18 жастағы қарапайым баланы аспандатудың қажеті жоқ», – деп жазған болатын ол.

Сәуле Рабаева Instagram-дағы kzsports парақшасында пікірін жариялап, функционердің сөздеріне ашық түрде жауап берді:

«Қызық, Алтай мырза спортта өзі не бітірді екен? «Реалға» қарсы ойнады ма? «Спортингке»шықты ма? Қызғаныш – бос адамдардың ісі. Өнер мен спортты түсінетіндер ғана бағалайды. Еңбектің жолын әділ бағаламай, «ақылгөй» болатындар қашан да табылады. Егер адам кеңпейіл болса, ол бақыт өз әулетіне қонады. Алла қалап, игілік өзінен болмаса, ұрпағынан қайтады!», – деп жазды ол.

Айта кету керек, Шерхан Қалмұрза негізгі қақпашылар Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алғаннан кейін негізгі құрамға қосылды. «Спортингке» қарсы өткен ойында (1:4) ол пенальтиді сәтті қайтарып, көпшіліктің назарын аударды. Ал Алматыда өткен «Реалға» қарсы матчта (0:5) қақпасына жасалған сансыз соққыға қарамастан, бірнеше қауіпті сәтте командасын құтқарып қалды. Сонымен қатар біз бұған дейін Шерханға берілген сыйлықты сынаған әріптесі жайлы да жаздық.