Өрт 30 шаршы метр аумақ алды
Өскеменде құтқарушылар тұрғын үйдегі өртпен арпалысты
Видеодан скриншот
4,279
оқылды

Өскемен қаласындағы Ростовский көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері лезде іске кірісіп, үйді шарпыған жалынмен күрес жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт 30 шаршы метр аумақта тоқтатылып, таралуының алдын алды.

ТЖМ тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтауды, қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмауды, газ және пеш жабдықтарын дұрыс пайдалануды ұсынады.