Күз мезгілінде табиғатпен бірге адамдар да әлсіреп, денсаулығы сыр бере бастайтыны белгілі. Салдарынан тұмау мен түрлі инфекция жұқтырып жатады. Ал иммунитетті жақсартып, ауру-сырқаудың алдын алудың бірден-бір жолы – дұрыс тамақтану мен дәрумендер. Сонымен, күз мезгілінде қандай дәрумендер қажет, оларды қандай тағамдардан алуға болатынын жинақтадық, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Күз мезгілінде адам ағзасына қажет дәрумендер
1,765
оқылды

Күз мезгілінде адам ағзасына қажет дәрумендер:

А дәрумені зат алмасу процесін жақсартады. Ағза күніне 1,5 мг А дәруменін қажет етеді. Оларға: сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сарымай, ірімшік, рауғаш, қаймақ жатады.

B тобының дәрумендері жетіспесе адам жиі күйзеліске түсіп, көңіл күйі болмайды әрі ештеңеге зауқы соқпайды. Сондықтан В тобының дәрумендері, әсіресе В6 дәрумені мен магнийді ішкені дұрыс. Бұған бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ бидай, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасы жатады.

С дәрумені жетіспесе адам ашуланшақ, бойын әлсіздік пен ұйқы басады. Итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамынан С дәрумені табылады. Ал бұл дәрумен ағзаны вирустардан қорғайтын лейкоциттер түзеді және иммунитет жұмысын жақсартатыны белгілі.

D дәруменін көп жағдайда күн көзінен аламыз. Бұл дәрумен кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге көмектеседі. Ол балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, сүт өнімдерінде мол. Соның арқасында адамның эмоциялық жағдайы  тұрақтанады. 

Е дәрумені – күз айларында таптырмас қуат көзі. Ғылым тілінде токоферол деп аталатын дәруменнің жетіспеуінен тырнақтардың сынғыштығы, шаштың түсуі мен беттегі қара дақтар пайда болады. Е дәруменінің қорын ағзада жинақтауға болмайды. Сондықтан күн сайынғы нормасының орнын толтырып отыруға тырысқан дұрыс. Ол дәнді-дақылдар, грек жаңғағы мен миндаль, жасыл көкөністер мен шөптердің құрамында аз көлемде болсын Е дәрумені кездеседі.