Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған Салтанат Нүкенованың есімі енді Қазақстан тарихындағы маңызды тұлғалар пантеонынан орын алды. Бұл туралы оның ағасы Айтбек Амангелді өзінің Instagram парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның тарихи тұлғалары қатарына енгізілді
688
оқылды

Айтбектің айтуынша, ол анасымен бірге Қостанай облысындағы «Амангелді» мемориалдық кешеніне арнайы барған. Дәл осы жерде ел тарихына еңбегі сіңген және қоғамға айрықша ықпал еткен адамдардың есімдері жазылған пантеон мен мемориалдық қабырға орналасқан.

«Пантеонда Салтанаттың есімі Қазақстан тарихындағы маңызды тұлғалардың қатарына енгізілді. Бұған дейін біз Павлодардан топырақ алып, оны осы мемориалға капсула түрінде жібергенбіз. Бұл – Салтанаттың есімін мәңгі есте қалдырудың бір белгісі. Сол жол үшін жүрген әр шақырым мен өткізген әр сағат соған әбден лайық болды», – деп жазды Айтбек Амангелді.