Самат Смақовтың айтуынша, талантты ойыншыға тұрақтылық пен сабыр керек.
"Бас тартуға кеңес бердім": Самат Смақов Шерхан Қалмұрзаға ақылын айтты
4,894
оқылды

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов ағалық ақылын айтты, – деп жазады Аikyn.kz. Бұл туралы оның Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

Ол жас қақпашыға журналистер мен телебағдарламалардан уақытша бойын аулақ ұстауға кеңес берді.

Аға буынның өкілі ретінде оған айтарым, Шерханға БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатпа! Түрлі бағдарламалар мен сұхбаттардан бас тартуға кеңес бердім. Ол әлі жас, алдымен өзін толық қалыптастыруы керек,  деді Самат Смақов.

Бапкер мысал ретінде белгілі футболшы Еркебұлан Сейдахметтің жағдайын айтып, оның Уфаға» ауысқан кезде барлық назар сонда болғанын тілге тиек етті.

Оның әрбір әрекеті, тіпті тұрмыстық ұсақ-түйегі де жаңалыққа айналды. Соның салдарынан жас ойыншының дамуына кедергі келтірді. Сондықтан Шерханның асықпай, тыныш еңбектенгенін қалаймын,  деді ол.