Қыркүйек айының соңында желіде аты аңызға айналған актер Джеки Чанның Алматыға келгені белгілі.
Джеки Чанның Алматыға неге келгені анықталды
1,584
оқылды

Сапар ұйымдастырушылары 71 жастағы мега жұлдыздың Қазақстанның оңтүстік астанасына неге келгенін айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Бұл арада "Құдайдың сауыты: Ультиматум" атты атақты франшиза бойынша культтік дастанның төртінші бөлімінің түсірілімі туралы сөз болып отырғаны нақтыланады.

"Жоба талқысы Бейжіңде болды, ал Қазақстанда іс жүзінде іске асырылатын болады. Бұл –  әйгілі франшизаны сәтті жалғасы және бүкіл әлем бойынша Джеки жанкүйерлерінің миллиардтаған аудиториясына арналған тың дүние айналасында күш пен ресурстарды біріктіруге тамаша себеп", – деді Salem Entertainment бас директоры Игорь Цай.

"Құдайдың сауыты" франшизасы 1986 жылы тізгін қағып, ондаған жылдар бойы бүкіл әлем көрермендерінің жүрегін жаулап келеді. Төртінші бөлім –  "Құдайдың сауыты: Ультиматум" –  жекпе-жек өнері, әзіл-оспақ және ауқымды шытырман оқиғаларды бір жанрда тоғыстыратын дастанның дәстүрлі жалғасы.