Форум тікелей эфирде өткендіктен ұйымдастырушылар әр спикердің сөзіне жауапкершілік алмайтынын жеткізді.
Be woman Asia: мансап жолындағы әйелдердің басын қосты
www.istockphoto.com
460
оқылды

Be woman Asia форумының міндеті — Орталық Азия әйелдеріне дамитын, өзара ынтымақтасатын орта құру. Биыл жиынға  100 спикер, 50 ментор және 30 серіктес болды, 2700 адам қатысты, - деп хабарлайды Aykin.kz. 

Форум ұйымдастырушылары іс-шараға қатысқан әр әйел бизнесте, мансап жолында, жалпы өмірде пайдалы болатындай білім мен тәжірибе жинауға мүмкіндік бермек.

— Біз әр спикермен алдын-ала брифинг өткізіп, міндеттемелері жазылған ресми келісімшарт жасасамыз. Ол жерде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын немесе форум мен оның қатысушыларының абыройына нұқсан келтіретін саяси және өзге де мәлімдеме жасамау керек деген бөлім бар. Ел алдына шығып сөз сөйлеудің аса үлкен жауапкершілік екенін ескере отырып, сахнаға шықпас бұрын спикерге ережелерді егжей-тегжейіне дейін айтып түсіндіреміз. Дегенмен форум тікелей эфирде өтетіндіктен, өкінішке қарай, спикердің бір сөзі регламенттен тыс айтылды. 

Сондықтан айтарымыз, Be woman Asia құндылығына әрі жобаның миссиясына сай келмейді. Біз қарапайым әрі нақты ережені ұстанамыз: форумды саясиландыруға қарсымыз. Біз бір-біріне құрметпен қарауды, өзара ынтымақтастықты және диалогты қолдаймыз. Жеке адамның айтқан пікірін бүкіл қатысушыға, командаға және форумды аймақтың дамуына үлес қоссақ деген шын ниетпен ұйымдастырған серіктестерге телімеулеріңізді сұраймыз. Диалогқа ашықпыз. Бөлінбей, біріксек деген талпынысымызды қолдап жатқан әрқайсыңызға алғыс айтамыз, - дейді ұйымдастырушылар. 

Олардың айтуынша, ұйымдастыру комитеті тиісті шараларды жасайтынын мәлімдеді. "Біз модерацияны күшейтеміз, регламенттің сақталуын қатаң қадағалаймыз және спикерлерге түсіндіру жұмысын арттырамыз" деп мәлімдеді форум ұйымдастырушылары.