Бір жыл ішінде қайталанған құқықбұзушылық үшін жаза қатаңдатылып, 30 АЕК, яғни 117 960 теңге айыппұл қарастырылған.
Енді жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл мөлшері арта түспек
www.istockphoto.com
598
оқылды

Айыппұлдың мөлшері жүргізушінің рұқсат етілген шекті қанша километрге асырғанына және құқықбұзушылықтың қайталануына байланысты, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәселен, жылдамдықты 10–20 км/сағ-қа арттырғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады — бұл 19 660 теңге. 20–40 км/сағ аралығында асырған жағдайда айыппұл 10 АЕК (39 320 теңге), ал 40 км/сағ және одан көп асырғаны үшін 20 АЕК (78 640 теңге) құрайды.

Айта кетейік, 2025 жылы АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшері 3 932 теңге болып белгіленген.

Айыппұл тіркелген сәттен бастап 7 тәулік ішінде оның жалпы сомасының 50% мөлшерін төлеу құқығын пайдалануға болады. Жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ірі айыппұлдардан сақтану үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес беріледі.