Бұл өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2025 жылғы 23 мамырдағы №45 шешіміне сәйкес болғалы отыр.
Енді көлік құралдарын ЕЭК коллегиясының 2017 жылғы 30 маусымдағы №74 шешімімен бекітілген тізімге енгізілген түрлері бойынша ғана әкелуге рұқсат етіледі.
Оған мынадай санаттағы көліктер жатады: жеңіл автокөліктер, ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 коды бойынша жіктелетіндер; квадроциклдер, қарда жүретін көліктер, жолсыз жерлерге арналған техника (жалпы қолданыстағы жолдарға арналмаған); мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер; 12 орынға дейінгі автобустар және жалпы салмағы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері.
Барлық әкелінетін көліктер «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сай болуы керек. Егер «көлік құралының конструкциясының қауіпсіздігі туралы» куәлік болмаса, жеке тұлғалар кедендік рәсімдеуден өте алмайды. Утилизациялық алымды төлей алмай, көлігін тіркетуге мүмкіндік болмайды. Яғни, бекітілген тізімге кірмейтін кез келген автокөлікті елге әкелу мүмкін болмайды деген сөз.