Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Қызылордада оқушы өзінің құрдасына пышақ салған
www.istockphoto.com
596
оқылды

Әлеуметтік желіде 7 қазан күні Қызылордада оқушы өз құрдасын пышақтап,  кеуде мен қарын тұсына жарақаттаған, деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Zakon.kz -ке сілтеме жасап. 

Салдарынан жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер балаға ота жасады, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Полиция кәмелетке толмағанның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізілуде", - деген түсінік берді Қызылорда облысының полиция департаменті.

Полиция күдікті – кәмелетке толмаған ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жеткізді.