Қазақстанның батысында жаңбыр жауады.
Синоптиктер ауа райы болжамын жасады
Фото: iStock
12,529
оқылды

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің көптеген өңірлерінде әзірге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мұндай ауа райы солтүстік-батыс антициклонының сілемімен байланысты. Тек кезеңнің соңында республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, шығыс пен орталықта – тұман, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте – шаңды дауыл болжанады.

Ауа температурасының фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.